2025 жылғы 26 қазанда өткен Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 41253 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 27387 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үйжайлардан тыс – 275 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді: №9 сайлау округі бойынша:
Әмірханов Әділхан Қайратұлы үшін сайлаушылардың 21541 дауысы берілді;
Сырлыбаев Аскар Бахытович үшін сайлаушылардың 4759 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 664.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды: №9 сайлау округі бойынша – Әмірханов Әділхан Қайратұлы, 1994 жылы туған, «Superpharm» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тұрғыны.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.