Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі
Тараз қаласында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен аумақтық департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көк аспанда Мемлекеттік Ту асқақтап желбіреді.
Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Көрермендерге патриоттық рух сыйлаған іс-шара «Өз елім» әнімен түйінделіп, тараздықтар көтеріңкі көңілкүймен тарқасты. Ұлттық мереке облыстың барлық ауданында кең көлемде атап өтілді.