Әлеумет

Бәрімізді біріктіреді

Республика күні біз үшін ерекше маңызға ие, өйткені ол халқымыздың бірлігін, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейді. Бұл күні біз ел тағдырына қатыстылығымызды және оның қауіпсіздігі мен өркендеуі үшін жауапты екендігімізді ерекше сезінеміз. Осы айтулы күні әскери прокуратураның орындайтын негізгі міндеттерін еске салғым келеді. Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз – әскери қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заң бұзушылықтарды анықтау және жою, құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру.

Біз әскерлерде заңдылықты тұрақты бақылауды жүзеге асырамыз, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге тырысамыз. Ол үшін біз үнемі дөңгелек үстелдер мен жеке құраммен кездесулер өткіземіз. Осы іс-шаралар барысында әрбір әскери қызметшіні оның құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етеміз, заңнаманы түсіндіреміз.

Прокурорлық тексерулер қолбасшылық пен құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерінің заңды және негізделген болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз кез келген мәселелер бойынша өндірістің дұрыс және әділ жүргізілуін қамтамасыз етеміз. Әскери қызметшілер мынаны сенімді және нақты білулері керек: олардың құқықтары заңмен қорғалған, егер олар бұзылған болса, әрдайым бізге келіп, көмек сұрай алады. Әскери прокуратура әрқашан заңдылықтың күзетінде болады.

Біз мерзімді қызмет сарбаздарымен жұмыс істеуге ерекше назар аударамыз. Мен сарбаздардың арасында заңгерлік білімі бар немесе құқықтық білімге ұмтылатындардың бар екенін жиі кездестіремін. Мен оларды әскери ұжымда салауатты атмосфераны сақтап қана қоймай, қызметтен кейін келісімшарт бойынша армияға қайта оралып, өз білімдерімен Қарулы Күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға көмектесу үшін соған елеулі үлес қосу туралы ойлануға шақырамын. Бәлкім бір жауынгердің өз тағдырын әскери прокуратура органдарымен байланыстырғысы келуі мүмкін, ондай жағдайда біз әрқашан мақсатты және сауатты мамандарды қатарымызға қосуға қуаныштымыз.

Біздің ортақ міндеттерімізді тиімді шешу үшін әскери прокуратура «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлімдердің әскери заңгерлерімен тығыз байланыста. Олар бізбен бірыңғай байланыста жұмыс істей отырып, құқықтық қорғауды қамтамасыз етудің бірінші буыны болып табылады. Сондай-ақ, біз оңтүстік өңірлік гарнизондарының әскери полиция бөлімшелерімен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасаймыз.

Бірлескен кездесулер мен үйлестіру кеңестерінің басты мақсаты – әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, әскери қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Республика күні еліміздің барлық азаматтары мен әскери қызметшілерін мерекелерімен құттықтағым келеді. Бәріне де бейбітшілік, жақсылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін! Біз бір елміз, бір ұжымбыз, бір үлкен отбасымыз.

Ендеше, онда барлығы бір-бірін қолдаулары керек. Бұл мереке біздің назарымызды, бізді біріктіретін нәрсеге аударып, бүкіл елді және әсіресе әскери құрылымдарды бұдан да ынтымақшыл, ұйымшыл ете түсуі қажет.

 

Сәкен ЕРМЕКБАЕВ

Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры, әділет полковнигі