Экономика

«Жасыл экономиканың» артықшылығы неде?

Бүгінгі күні пайдалы қазбалар қорының азаюы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және баламалы энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану. Экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар, су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл, сәйкесінше, экономиканың түрлі салаларының дамуына оң әсерін тигізеді.

Жалпы қазіргі қоғам «жасыл экономика» дегеннің мәнісін әртүрлі түсінеді. Бірі бұл табиғат көздерін ел игілігіне айналдыратын экономиканың тың бір саласы деп түсінсе, екіншілері табиғатқа пайда келтіруге бағытталған жоба деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құраушы болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп санайды.

«Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Балама энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы – орасан. Өйткені қазіргі таңда ғаламшарымызда кен байыту өнеркәсіп орындары мен басқа да шаруашылық құрылымдар жер қыртысының пайдалы қазбаларын мөлшерден көп тұтынуда. Соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға сарқылуда. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.

Атап айтсақ, дүниежүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, бұл энергия тапшылығын болдыруда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін баламалы энергия көздерін пайдалану өте маңызды.

Баламалы энергия көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ, көмір) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

«Жасыл экономиканың» негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ: шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес;

жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.

«Жасыл экономиканың» артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальт бетондық технологияларды қолдану;

қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі; кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және тағы басқалар.

«Жасыл экономиканың» қағидалары: әділеттілік (теңдік);

адамгершілікті құрметтеу (барлығы үшін өркендеу); сақтық (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);

қатысу (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу);

басқару (есепке бағыныштылық);

тұрақтылық (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қолжеткізу), тиімділік (тұрақты өндіріспен тұтыну).

Бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталады.

Сонымен бірге сегменттері ретінде бола алады:

энергияларды тудыру, іздестіру; энергияны сақтау;

энергетикалық инфрақұрылым;

энергетикалық тиімділік;

тасымалдау; су және ағынды сулар;

ауа және қоршаған орта; материалдар;

өндіріс/өнеркәсіп;

ауыл шаруашылығы;

рециклинг жолдары (қалдықтарды басқару).

Рециклинг – бұл өнеркәсіптік өндіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану.

«Жасыл экономикаға» ауысу бойынша тұжырымдамалар,түрлі іс-шаралар жасалуда. Осы құрылған жоспарлар бойынша келешекте Қазақстанның болашағы жарқын болуына өз септігін тигізеді.

«Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру; ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

Бірінші кезең – 2013-2020 жылдар – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфра-құрылымды құру;

Екінші кезең – 2020-2030 жылдар – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

Үшінші кезең – 2030-2050 жылдар – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

«Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекеттің табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүниежүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ, тіпті, олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек, көмір үшін жаңа ресурстар табу қажет.

Бұл ретте Қазақстанның жақсы эко жүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт–ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әртүрлі азық қо спаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамт амасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр.

Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азықтүлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: Жердің құнарлылығын басқару; суды тиімді пайдалану; өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару; фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.

Осылайша, мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Қорыта айтқанда, «жасыл экономиканың» артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальт бетондық технологияларды қолдану;

қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және тағы басқаларды өндіріске енгізу.

 

Сауле ЕСҚҰЛОВА

Қазақ ұлттық су шаруашылығы ирригация университетінің «Энергетика білім беру бағдарламасы» кафедрасының аға оқытушысы.