Мазмұны терең мереке
Егемен еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнінің мән-маңызын насихаттау, патриоттық рухты нығайту және партия белсенділерінің қоғамдықсаяси өмірге қосқан үлесін атап өту мақсатында Amanat партиясы облыстық филиалы салтанатты жиын өткізіп, партия белсенділерін марапаттады.
Алдымен партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов көпшілікті мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиында партия жұмысына белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар «Партияның белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасымен, партия Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың және партия облыстық филиалы төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар ісшарада партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталып, олардың ел мен қоғам дамуына белсенді үлес қосуына сенім білдірілді.
Ерман ӘБДИЕВ