Жаңалықтар

Шәкірттері талапты да табысты болсын

Бүгінгі таңда Қордай ауданындағы 70- ке тарта орта білім беру мекемелерінде 30 мыңнан аса оқушы білім нәрімен сусындауда. Былтырғы оқу жылының қорытындысымен облыс мектептері арасында жиынтық көрсеткіші негізінде жүргізілген рейтинг нәтижесінде осы өлкедегі 8 мектеп «Инновация режиміндегі мектеп» санатына ауыстырылған.

Қордайда қос «Келешек мектебі» пайдалануға берілді

Жалпы, ұлу жылы қордайлық оқушылар үшін табысты жыл болғаны сөзсіз. Есепті кезеңде түрлі пәндік олимпиадалар мен жарыстарда топ жарған №4 мектеп-лицейі «Ең үздік ауыл мектебі» атағына лайық деп танылған. Ал биыл бұл ауданда «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық екі бірдей білім ошағы бой көтерді. Ел игілігіне берілген білім ордасының бірі Қордай ауылының оңтүстік-шығысындағы Қарасу елді мекенінде салынған. Оның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ұлттық жоба шеңберінде іргетасы қаланған қос мектепте мұғалімдер мен оқушыларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Аймақ басшысы өз сөзінде білім ордасы мұндағы үш ауысымды мектеп мәселесін оңтайлы шешіп, орын тапшылығын болдырмауда маңызды рөл атқаратынына кеңінен тоқталды.

Мұнан соң ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тұрған Жасыбаев өскелең ұрпақтың қамын ойлаған өңір Айта кетейік, он беске жуық ұлт өкілі қоныстанған ауылда бой көтерген №53 білім ордасында 2 8 оқу кабинеті, 80 орындық мәжіліс залы, 667 шаршы метр аумақты қамтитын кең спорт залы, STEM зертханасы мен робототехника кабинеті, 3 ғылыми зертхана, 2 компьютер сыныбы, 3 шеберхана және коворкинг орталығы, 80 орындық асхана мен кітапхана бар. Ал құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания – «Integra Construction KZ» серіктестігі. Дәл о сы күні төрт мыңнан астам тұрғыны бар Қаракемер ауылында да нақ осындай мектеп бүлдіршіндерді қабылдады.

Ендігі жерде мұнда барлығы 65 педагог қызмет етеді деп күтілуде. Аймақ басшысы жаңа мектептің ашылуы – ел ертеңінен салынған инве стиция екенін тілге тиек етіп, балаларды оқыту мен тәрбиелеу күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қалатынын жеткізді. Оның айтуынша, биылдың өзінде облыста 26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 қосымша ғимаратты пайдалануға беру көзделсе, келер жылы тағы 11 жаңа нысан бой көтермек. Бұдан кейін ауыл ақсақалы Ерғазы Бозшаев жиналғандарға ақ батасын беріп, ұстаздар мен ата-аналарға тілектестігін білдірді.

 

Есен ӨТЕУЛІ