Экономика

Сақтандыруға салым - болашақ кепілі «HALYK LIFE» қаржыңызды жинауға тиімді бағдарламалар ұсынады

Қазіргі нарық – қаржылық сауаттылықты талап етеді. Бүгін еңбек етіп, тапқан табысынан салым салып жинақтау – сенімді келешек кепілі болмақ. Бұл бағытта елімізде азаматтар үшін тиімді бағдарламаларды «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясы ұсынып отыр. Ондағы балалардың болашақтағы білім алуына қаржы жинайтын «Bilim-Life» бағдарламасы салымшыға мемлекеттік сыйақымен салған қаржысын өсіре отырып, жинақтайды. Ал «Зейнетақы аннуитеті» салымшыға өмір бойы ай сайын зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Сол секілді «Халық-Қазына», «БолашақLife» өміріңізді сақтандыруға көмектеседі. Ал «Бәйтерек» бағдарламасы қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша кіріс табуға арналған. Бұл бағдарламалар туралы толығырақ біліп, оқырман назарына ұсыну үшін «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының Тараз қаласындағы филиалының директоры Лейла Зупиновамен сұхбаттастық. Қаржыгердің айтуынша, «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясы болашақтағы маңызды істер үшін қажетті қаржыны пайыздық сыйақысымен арттырып жинақтауға да көмектеседі.