Абай атындағы гуманитарлық колледжде информатика пәні қайта оқытыла бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жақында ғана жолдаған Жолдауында жасанды интеллект туралы кеңінен айтып, барлық істі цифрландыру мәселесіне тоқталған болатын. «Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысы айтқандай, үш жыл ішінде цифрлық ел болу үшін, әрине, білім алып жүрген жастардың электронды техника саласынан сауатты болуы маңызды. Мәселен, құрылғанына биыл 105 жыл толатын Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде бірнеше жыл бұрын жабылып қа лған информатика мамандығы биыл қайта ашылып, осы салаға қажетті болашақ мамандарды оқыта бастады. Бұны жастарға цифрлық техника тілін терең меңгеруге ашылған жол деуге болады. Колледж директоры Саясат Есеевтің айтуынша, колледж бұл салаға серпін беруді көздеп отыр және осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыра бастаған.
Колледж директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бағила Абжапарованың айтуынша, колледж қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Бұл колледжді 1926-1929 жылдары белгілі жазушы, ірі қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов басқарған. Колледж ұст аздары мен студенттері жазушы туралы деректердің аздығын байқап, терең зерттеу жүргізуді қолға алыпты. Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, ұлтының мүддесі үшін еңбек еткен ер отызыншы жылдардың ойранында жазықсыз жала арқалап, атылып кеткені мәлім. Артында қалдырған құнды еңбектерін зерделеп, ұлағатты өмір жолын зерттеп, ғылыми еңбекке арқау етуді көздеген колледж қызметкерлері жазушының немере інісі Сайлау Байбосынмен байланыс орнатып, жеке деректерін алып, колледжден Жүсіпбек Аймауытовқа арналған бұрыш ашқан. Ұстаздар мен студенттер Жүсіпбек Аймауытов туралы зерттеу жұмыстары барысында Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжбен байланыс орнатып, жазушы туралы деректерді жинақтауда.
Мұндағы ұст аздардың ғылыми ізденістері жоғары екені жұмыстарын таныстыру барысында да байқалды. Өткен жылдың өзінде ғылыми зерттеу еңбектері жөнінде 53 мақалаларын жариялап, 24 оқу әдістемелік құралдарын жарыққа шығарыпты.
Қамар ҚАРАСАЕВА