Еңбек адамы

«Біз кез келген уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізе алмаймыз»

Жасыратыны жоқ, бүгінде тойхана, мейрамханаларда жап-жас қыз-жігіттер даяшы болып еңбек етеді. Тіпті арасында кәмелеттік жасқа толмағандары да жетерлік. Бұл қаншалықты заңды? Бұл жас жұмысшылардың құқықтары қаншалықты қорғалады? Олармен еңбек шарттар жасалған ба? Әлеуметтік жарналары уақытылы аударыла ма? Жалпы алғанда мұндай жұмыс берушілерді Еңбек инспекциясы тексере ала ма? Тағы да ұжымдық келісімшарт туралы не айтуға болады? Бұл шарттың жасалуы міндетті ме?