Қоғам

Мектептердің жөндеу жұмыстары – партиялық бақылауда

Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары Тараз қаласындағы №54 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Комиссия мүшелері алдымен № 54 орта мектепке барды. Білім беру нысанындағы күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 8 тамызында басталған болатын. Мердігер – «Alatau Prime Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазіргі таңда мердігер компания ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғаларын ауыстыру, шатырын толықтай жаңарту, ішкі қабырғаларды тегістеу сияқты жұмыстарды жүргізуде. Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жалғасып келеді. Жалпы, құрылыс жұмысы 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деп жоспарланған. Мұндағы оқушылар бүгінде «Ұлы дала» шағынауданындағы 2000 орындық жайлы мектепте уақытша оқып жатыр.

Комиссия мүшелері мердігер мекемеге құрылыс сапасын сақтап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ескертті.

 

Ерман ӘБДИЕВ.