Қоғам

Студенттермен сүбелі кеңес

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында қалалық мәслихаттың депутаттары – Мұрат Бердалиев пен Кемел Әбденбаев Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиында халық қалаулылары Президент Жолдауындағы негізгі басымдылықтарға тоқталып, оны жүзеге асырудың, әсіресе жастардың қатысуымен басталатын істерде қандай мұраттарға сүйену керектігін айтып өтті. Жолдаудағы әлеуметтік салаға қатысты тақырыптарды тарқатқан Мұрат Әзімханұлы Цифрлық Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін айтып:

Бұдан соң сөз алған Кемел Әбденбаев Президент Жолдауда «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіре діншілдікті, әсіреұлтшылдықты қабылдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Олар Қазақстанды дамыған мемлекет ретінде көргісі келеді», – деді.

Менің ойымша осы тұс – жастардың рухын тағы бір көтергендей. Иә, қазір жанжақты интеллектуал. Бұл жасанды интеллектінің өмірімізге етене енуінің бір көрінісі. Заман көшінен қалмау үшін бұл жаңалықты, жаңашылдықты толыққанды қабылдауымыз керек. Ал білім мен тәрбиені ұштастыра білсеңіздер – ұтымды жолдан айнымайсыздар, – деді ол.

Жиын барысында студенттер де өз ойларын айтып, спикерлерге сауалдар қойып, білім көкжиегіне жетелейтін ұсыныстарын да жеткізді. Ашық алаңдағы – толымды пікір, ұсыныс алмасуымен қатар қала өміріне қатысты да мәселелер төңірегінде өрбіді.

 

Ерман ӘБДИЕВ