Дүние жүзінде суицид неге жиіледі?
Әлемнің қырық елінде өз-өзіне қол жұмсау қылмыс болып саналады. Ал суицидпен күрес мамандары мұны заңдастыру орынсыз деген пікірде. Өйткені мұндай әрекетке баратын адамдарды жазалау емес, қолдау қажет дейді. Өкінішке қарай, қазір дүние жүзінде суицид көрсеткіші безгек, ВИЧ/АИТВ, обыр секілді қатерлі дерттен, қақтығыс пен адам қолынан қаза табу оқиғаларынан асып түсіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын 720 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұмсау салдарынан қайтыс болады. Әсіресе 15-29 жас аралығындағы әр үшінші адамның өлімі суицидпен байланысты. Ұйым өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 73 пайызы табысы төмен және орташа елдерде орын алатынын айтады. Оның себептері көп, әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және экологиялық факторлар әсер етеді. Осыған байланысты «LifeLine International» компаниясының саясат жөніндегі директоры, доктор Алан Вудворд суицидті қылмыс ретінде қараудан бас тарту қажет деген пікірде.