Қоғам

Партиялық бақылау-жұмыс жүйесін арттырады

Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын қадағалап отырады. Жуырда облыс көлемінде мемлекеттік бағдарламалар аясында автомобиль жолдары құрылысын жүргізу, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы бойынша облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың және «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Амреновтың есептері тындалып, жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар беріліп, бақылауға алынды.

Сонымен қатар есепті кезеңде партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстың жай-күйі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамының облыстық филиалы директоры, партия мүшесі Батырхан Тоқтағұл, Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мейірхан Төлеулиев, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Жамбыл бөлімшесінің директоры Айдын Сейтбенбетов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың есептері тыңдалды. Және партияның «Ауыл аманаты» партиялық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының есебі де кеңес отырысында жиі қаралады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуы мен партияның Сайлауалды бағдарламасының өңірімізде іске асырылу барысы Кеңес мүшелерінің ұдайы бақылауында тұрады.

Кеңестің төрағасы мен мүшелері тоқсан сайын қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Кеңестің әлеуетінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, өңір тұрғындары арасында партия беделін арттыруға ықпал ету. Сондай-ақ Кеңестің ұйымдастыруымен есептік кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тақырыбына 6 семинар-кеңес, 7 дөңгелек үстел, 8 кездесу және 34 партиялық рейд өткізілді.

Сонымен қатар партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері, облыстағы құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен Тараз қаласы мен аудандарда «Жемқорлықсыз жарқын болашақ», «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі», «Жолдаудан туындайтын міндеттер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің маңыздылығы» және қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу туралы түрлі тақырыпта және Сыбайлас жемқорлық туралы заң талаптарын сақтау бойынша түрлі мекеме өкілдерімен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ есептік кезенде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер мен партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды түсіндіру бойынша «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?» тақырыбында облыс бойынша мектеп оқушылары арасында карикатура байқауы өткізіліп, байқау қорытындысы бойынша қатысушылар облыстық филиал тарапыпан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңес жұмысын ақпарат тандыру бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында есепті кезеңінде 18 мақала, 17 бейне сюжет, 72 түрлі әлеуметтік желі парақшаларына атқарылған жұмыстар жөнінде материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады. Өйткені Кеңестің басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, азаматтардың жауапкершіліктерін арттыру тәжірибесін орнықтыру.

 

Ерғали ОМАРОВ

Amanat партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау жөніндегі инспекторы.