Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма жетінші сессиясы 2025 жылдың 22 қазан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11:30-да келесі күн тәртібімен өтеді:
1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы.
3. «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №14-12 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
5. Кейбір комиссиялар мен кеңестердің құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2- қабат) 2025 жылдың 22 қазанында сағат 10:00-де өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 22 қазан күні сағат 11:00-де басталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А. НҰРАЛИЕВ.