Білім

Салауатты сана және мәдениет – ажырамас ұғым

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толған мерейтойы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен «Салауатты сана және мәдениет: «Ұлттық дәстүрлер мен психологияның ұрпақ тәрбиесіне ықпалы»» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында тұлғалық даму, рухани адамгершілік құндылықтары туралы келелі пікірлер ортаға салынды.

Профессор Айгүл Қабиқызының айтуынша, салауатты сана мен мәдениет – бір-бірінен ажырағысыз ұғым. Сана тәрбиелі болса, мәдениет ешқашан төмендемейді. Ал мәдениетті қоғамда бейбітшілік пен өзара сыйластық орнайды.

Абай – әлемдік философияның негіздерін зерттеген, одан қоғамына қажет нәрселерді ала білген ойшыл. Оның даналық ұғымымен қарайтын болсақ, білім бір орында тұрмайды. Өркениет те солай, адам баласы дүние мен уақыттың заңдылықтарын, оның логикасын терең білген сайын білімнің де өрісі кеңейіп отырады. Ғылыми конференцияда айтылған өзекті пайымдаулар осындай ой түюге жетеледі.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА