Шаруашылық техникалары жаңартылуда
Жайлауы кең, қойнауы кен Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай іс атқарылды. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі осы жылдың 8 айында 3952,7 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көрсеткіш индексі бойынша 102,1 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 353,7 миллион теңге, мал шаруашылығы 3 596,8 миллион теңге көлемінде орындалды.
Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша ауданда көктемгі дала жұмыстарына шаруа қожалықтардың және «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің 37 дана ауыл шаруашылық техникасы жұмыс істеді. Атап айтқанда, 19 доңғалақты, 8 соқалы трактор, 7 қопсытқыш, 3 дән сепкіш техника пайдаланылды. Ауыл шаруашылығы техникасының жаңару деңгейі бойынша өткен жылы 25 ауыл шаруашылық техникасы, биыл 248,5 миллион теңгеге 53 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Нақтылай кетсек, 2025 жылғы жоспар бойынша 11 дана трактор алынуы тиіс болса, алынғаны 8 дана трактор (7,2 пайыз).
Сондай-ақ 45 қосалқы техника алынды (3,6 пайыз). Тауарлық несие беру бойынша 2025 жылдың жылдық жоспары 8 бірлікті құрайды. Қазіргі уақытта 4 азаматқа 116 қой, 40 мүйізді ірі қара берілді. Түйе шаруашылығын дамыту бойынша биылғы жылдық жоспар 1 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе шаруашылығын дамыту үшін Мойынқұм ауылдық округінен «Верблюд» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, құжаттары «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына» өткізіліп, зерделенуде.
Биыл елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 75,3 миллион теңге қаражат қарастырылып, біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Шу өзенін байлап, тоғандарға ағын су шығару жұмыстары үшін 23,6 миллион теңге бөлініп, жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сонымен қатар бөгет орнату және оларды күшейту жұмыстарына 9,5 миллион теңге бөлініп, Қарабөгет ауылындағы каналдың бас бөлігіне Шу өзеніне бөгет жасау және Қылышбай ауылындағы тоғанның жағасын нығайту жұмыстары аяқталса, «Радай» және «Шу» өзені жағасын нығайту жұмыстарын биылғы қыркүйек-қазан айларында жүргізу жоспарланған.
Бөлінген қаржыдан Қарабөгет ауылындағы каналдың бас бөлігіндегі Шу өзеніне бөгет жасауға 3,7 миллион, «Радай» және «Шу» өзені жағасын нығайтуға 4,7 миллион, Қылышбай ауылындағы тоғанның жағасын нығайтуға 1,5 миллион теңге тиесілі. Гидроқондырғыларды қалпына келтіру жұмыстарына 19,1 миллион теңге қарастырылып, жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сондай-ақ каналдарды бетондау бойынша баяндар болсақ, аудандағы 22 каналдың 10 каналы облыстық «ҚазСушар» РМК мекемесіне тиесілі.
Қазіргі уақытта «ҚазСушар» мекемесінің теңгеріміндегі 6 каналды бетондауға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Ернұр НӘДІРҒОЖИН
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.