Адам өз өмірін не үшін сақтандырады?
Мына өмірде көбіміздің көзіміз ашық, оқыған, тоқыған, білімдіміз. Әйтсе де кейде жаһандағы түрлі игі жаңалықтардан құр қалып кетіп жатамыз. Сондай тамаша игі істің бірі – өз өміріңді сақтандыру. Естіп, біліп жүрсек те кейде денсаулығымыз бен болашағымызды, өмірімізді, несиемізді сақтандырудың орнына бейберекет ақшамызды шашып, болашаққа қам жасамаймыз. Оның түрлі себебі бар. Аңғармаймыз, жете түсінгіміз келмейді. Не күйбең тіршіліктен босай алмай жүреміз. Тек басымызға оқыстан бір жағдай түскенде өкінеміз. Кеше ғана бір әріптесімізді жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Егер ол алдын ала сақтандыру жасатқанда «Халық-Life» компаниясы оның өмірін сақтандырып, денсаулығына қауіп төнгенде қомақты ақша төлеп берер еді. Қазақи ұғымда «Құдай сақтасын» деп қана жүреміз. Ал шын мәнінде сақтансаң ғана сақтайды емес пе?!
Бүгінде өмірді сақтандыру және оны қалай түсінеміз, оның қандай түрлері бар деген сауалдарға жауап беріп көрейік. Өмірді сақтандыру – қарапайым тілмен айтқанда қаржылық қауіпсіздіктің бір түрі. Ол дегеніміз – отбасыңыздың қаржылық қорғанысы, жинақтау функциясы, салықтық жеңілдіктер. Жинау. Нені, қайда, не себепті жинаймыз? Түсіндіре кетейін, «Қазақстан Халық Банкінің» өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес ұйымы «Халык-Life» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы «өмірді сақтандыру» саласының көшбасшысы. Сақтандыру қоры біздерге түрлі тамаша бағдарламаларды ұсынады. Әрбірімізге отбасымызды, балаларымызды, өз өмірімізді, несиелік міндеттемелерімізді, денсаулығымызды сақтандырып қою жолдары бар. Бұл парыз десек те болады.
ҚАМСЫЗ ҚАРТТЫҚ ҚАЙДА БАР?
Уақыт зулап өтіп жатыр. Күйбең тірлік бітпейтіндей көрінеді. Адам ақырғы сәтте өмірінің ең маңызды күндерін құр өткізіп алғанына өкінсе, бұдан өткен қасірет жоқ шығар. Қазір жасымыз 40-та. Қамсыз қарттықты бәріміз аңсаймыз. Мына жалақымен зейнетақымыздың мөлшері қандай болатынын да бір Құдай біледі. Бейнеттің зейнетін көруге, шетел аралап, қаржыдан қысылмай өмір сүру – әрбір адамның арманы. Мемлекеттің беретін зейнетақысына қарап отырмай, қазірден жинап, қомақты зейнетақы алып отыруға болатынын білесіз бе? Ол – «зейнетақы аннуитеті» сақтандыру бағдарламасы деп аталады.
Бұл бағдарламаны ұсынушы «Халық-Life» компаниясы. Ол үшін қаржыңыздың бір бөлігін «Халық-Life» сақтандыру қорында жиып отырасыз. Зиянды қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар 50 жастан зейнетке шығып, жиған ақшасынан да көбірек зейнетақы алуға құқы бар. Ал басқаларымызға 55 жастан бастап зейнетақы алып отыра аласыз. Базалық зейнетақы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына зейнеткерлік жасқа жеткен кезде е септеледі. Базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Ал зейнетақының азкөптігі зейнеткердің еңбек өтіліне де тікелей байланысты. Ал қартайғанда қолдағы бар қаржыны сақтандыруды тараздық Әлиман Бекқожаева да құп көреді. Өйткені саналы ғұмырын сапалы ұрпақ тәрбиелеп, білімді жастар өсіруге арнаған ол өмірінің соңында өзінің жалғыз қызына салмақ салғысы келмейтінін жасырмайды.
Оның сөзінше, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе басқарушы компанияға аударуға пайдалану мүмкіндігі бар. Алайда ол өзі қайтыс болған жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлға немесе мұрагерлер кепілдік берілген мерзім ішінде алатынын таңдаған. Осы кезде көптеген қарттар біле бермейтін кепілдендірілген мерзім дегеннің не екенін айта кеткім келеді.
Бұл – өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаға, ал ондай болмаған жағдайда сақтанушының мұрагерлеріне, егер сақтанушы және сақтандырылғандар сақтандыру төлемдерін толық көлемде алмаса немесе көзі тірісінде алмаса, сақтандырушы төлемеген шартта көзделген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін төлейтін кезең.
БАЛАМ – БОЛАШАҒЫМ
«Балам – балым, немерем – жаным» деген қазақ бүгінде келешекке деп қаржысын жиюда. Сақтандыру компаниясында балаларға арналған жинақ түрлері бар. Яғни, сіз жиған ақшаңызды мемлекеттің үстіне қосқан пайызымен бірге баланың оқуына я болмаса тұрғын үй жағдайыңызды жақсартуға, тіпті болмаса баспаналы болуға жұмсай аласыз. Тек уақытыңызды бөліп, сақтандыруды ашып және үздіксіз жиып отыру керек. «Bilim-Life» бағдарламасы елімізде 2023 жылдан бері жұмыс істеуде.
«Bilim-Life» бағдарламасы бойынша сақтандыру шартының арқасында атааналар біздің елімізде де, шетелде де балаға арналған кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге қажетті соманы кепілдікке бере алады екен. Балалардың Қазақстанның және басқа елдердің беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар.
Ендеше отбасымызды қорғау және болашаққа қаржы жинау, қартайғанда табыс көзінің болуы, мұра қалдыру, қаржылық тұрақтылық пен тыныштық үшін өмірімізді сақтандырып қояйық!
Эльмира БАЙНАЗАРОВА