Тұңғыш перзентін ата-әжесінің қолына беру қаншалықты дұрыс?
Қазақта тұңғыш немерені «бауырға салу» дәстүрі бар. Қай қазақты қарасаңыз да, тұңғыш немере атасы мен әжесінің баласы саналады. Сондықтан оларды «Кемпірдің қызы», «Шалдың баласы» деп атап жатады. Заманымыз алдыға озып кетсе де, осы дәстүрді әлі де ұстанатын отбасылар бар. Бұрынғы заманда атасының баласы болу, кемпір баққан қыз атану үлкен мәртебе еді. Ал қазір ше? Психологиялық пәлсапаға салсақ, атаәже мектебінің кемшін тұстары көптеп ашылуда дейді кейбіреулер.
Ата мен әже немересіне қолындағы барын береді, тәрбиесін аямай төгеді. Бұл рас. Кемпіршал баққан балалар ойлы, дана, алғыр, зерек, тілге шешен, шебер бала болады. Алайда сол балалардың ішкі әлеміне кім үңіліп көріпті. Өз әке-шешесін «тәте», «көке», «жеңеше» деп атау оларға да оңай болмағаны анық. Өзге бауырларынан жырақта я болмаса бөлектеу өскені кемпір-шал баққан ұл-қыздардың жүрегіне батады дейді олар. Бұл нәзік, жүрекке шымырлап бататын тақырып. Десе де қозғап көрейік. Ұлы Абайдың, Шоқанның әжелерінің баласы болғандығы тарихтан белгілі. Кім біледі, ол кездегі әжелер бөлектеу ме еді?
«ӘКЕ-ШЕШЕМЕ ЖАҚЫНДАУДАН ҚАШАТЫНМЫН»
Өз арамызда да ата-әженің қолында өскен жандар көп. Біразымен сөйлестім. Бәрінің айтары бар. Басты проблема – атасы мен әжесі қайтыс болған соң әке-шешесімен тіл табыса алмауы, оларға сыр ақтара алмауы, бауырларынан алшақтау өмір сүруі. Ендеше осы мәселенің жақсы-жаман тұстарын елепекшесек.
Кемпір-шалдың балаларының әлемі бөлек болатынын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының продюссері Әлия Құдайбергенова растап отыр. Ол әңгімесін былай бастады:
Қарап отырсаңыз, кейіпкердің басынан кешкені өмір бойы ұмытылмайтын оқиға. Әлі күнге әжесі қарап тұрғандай анасына жақындай алмайды, емін-еркін сөйлесіп, шүйіркелесе алмайды.
«МЕН БӘРІБІР БӨЛЕКТЕУМІН!»
Облысымыздағы ірі кәсіпкер Сәуле Рысбаева да әжесінің қызы. Биологиялық анасы мен әкесін 12 жасына дейін білмепті. Үйге кеп жүрген әкесін жақын туысымыз деп ойлаған екен. Ал анасын тіпті көрмепті. Әжесінің кемеңгерлігін, даналығын сіңіріп өскен кішкентай Сәуле кемпірдің қызы болып өскеніне еш өкінбейді.
«ШЕШЕМЕ ЕРКЕЛЕЙ АЛМАЙМЫН»
«Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғали да кемпірдің қызы. Әжесін өмір бойы «ақ анам» деп өткен екен.
«ЕКІ ОТТЫҢ ОРТАСЫНДА ҚАЛҒАНДАЙМЫН»
Ақын Елдар Боранбек те әулеттегі тұңғыш немере болғандықтан, атасының баласы атаныпты. Атасы Боранбек пен әжесі Әлиманның кенжесі іспетті. Әкесі Ханжанға «тәте», анасы Әлияға «жише» дейді. Бүгінде ол Қордай аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді.
...Қалай айтсақ та, бұл газет жазды, журналистер айтты екен деп бір күнде тоқтай салатын дәстүр емес. Ауыл-аймақтарда әлі де кездесуі мүмкін. Қазіргі заман басқа, адам басқа десек те, ата-баба дәстүрі жаңғырып тұрады. Бәрін уақыттың өзі екшейді. Сондықтан бұл тозығы жеткен дәстүр деп айту қиын. Егер бұл тақырыпта айтар ойыңыз болса, біз газет бетінен орын беруге дайынбыз.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА