Жаңалықтар

Он мың түп қарағаш егілді

Өткен сенбіде Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Атаулы акциядан жамбылдықтар да тыс қалған жоқ. Акция аясында Тараз қаласының «Жібек Жолы» ауданы, «Қызыл-Абад» алабына 10000 түп қарағаш егілді. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер тобы, жалпы саны 500-ден асып жығылатын адам қатысты.

Шараның мақсаты – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыпт астыру болып табылады. Аймақ басшысы «Жібек Жолы» ауданына қарасты «Қызыл-Абад» алабында өз қолымен ағаш егіп, акцияның маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ акция барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков өңірде атқарылған абаттандыру жұмыстарының ауқымына тоқталып, маңыздылығын атап өтті.

Талғат ТАЛАПҰЛЫ