Әдебиет

Жұлдыздың жұлдызы жанды

Астана қаласынан сүйінші хабар жетті. Республикалық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқаудың марапаттау рәсіміне қатысқан жерлесіміз, ақын, облыстық «Jambyl» телеарнасының редакторы, «Бір әннің тарихы» бағдарламасының жүргізушісі Жұлдыз Бейсек бас жүлдені иеленіп, 1 миллион теңгенің сыйақысына ие болды.

Байқауға Астана қаласынан және еліміздің әр аймағындағы телеарна, радио, сайттардан 186 үміткер қатысқан. Солардың арасынан Жұлдыз Асқарқызының жолдаған жұмысы топ жарып отыр.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұлдыз Асқарқызы журналистігімен қоса өлең жазып, жеке шығармашылығын дамытып жүрген талант иесі.

«Іңкәр – Ғазал», «Мен сенің көктеміңмін», «Сүйші...» атты жыр жинақтары оқырманның оң бағасын алған. Жұлдызды жұлдызды жеңісімен құттықтап, деніне саулық, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Есет ДОСАЛЫ