Әлеумет

Батыр рухына арналған кеш

Қараой ауылдық кітапханасында даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы – Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты патриоттық кеші өтті.

Іс-шараға Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, ақпараттықбиблиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Жазира Базарбаева, Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шынар Жұмабекова қатысты. Іс-шарада Қараой ауылдық кітапханасының жас оқырмандары қатысты. Кәусар Сандыбек, Эльмира Пернебайдың орындауында бірқатар патриоттық әндер шырқалды.

Мәншүктің монологынан көрініс қойылды. Ал Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арнаған арнау өлеңін және ақын Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңін Алдияр Сәттұрсын болса мәнерлеп оқыды.

Кешті Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров қорытындылап, белсенді оқырмандарды марапаттады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы