Аймақ

Қалаға жаңа спорттық кешен керек

Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оған қарасты мекемелеріде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың барысы талқыланды.

Жиынды кеңе с төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Жұмахан Тәңкебаев ашып, аймақтағы спорт мекемелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізген жұмысшы топтың жетекшісі Қасымхан Төлендиев қысқаша хабарлама жасады. Бұдан соң облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов басқарма жұмысы мен спорттық мекемелердегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бүгінде аймақта 79 спорт мекемесі бар болса, 56 спорт мекемесі тікелей басқармаға қарайды екен.

Жиында қоғам қайраткері Қасымхан Төлендиев облыс орталығында тараздықтар үшін спорттың барлық түрімен айналысуға қолайлы болып отырған қаланың батыс аумағындағы «Тараз-Арена» секілді жаңа спорт кешені керектігін алға тартты. Өйткені бүгінде қаланың солтүстік-шығыс аумағында жаңа шағынаудандар бой көтеріп, халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысы да артып келеді. Бұл ұсынысты кеңес мүшелері қолдады.

 

Ерман ӘБДИЕВ