Аймақ

Жібек құртын өсіру ісіне қолдау қажет

Облысымызда ауыл фермерлерінің «ЖерАна» корпоративтік қоры жібек құртын өсіру ісін қолға алған болатын. Жібек құртының негізгі қорегі болатын тұт ағаштары Байзақ ауданында отырғызылып, өсірілген. Бұл жоба ауыл шаруалары және кәсіпкерлер арасында таныстырылған. Алайда жеткілікті қолдаудың болмауына байланысты жоба кеңінен қарқын алып кете алмай отыр. Осы мәселені алға тартып, «Жер-Ана» корпоративтік қорының ұйымдастырушысы Мария Ибраимова бастаған фермер әйелдер Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен кездесті.

«Анаға тағзым» орталығында өткен жиында Мария Қалмаханқызы жібек құртын өсірудің табысы мол екенін айтты. ؘ

Біздің елде 50-60 жыл бұрын жібек құрты өсіріліпті, бірақ алынған жібекті Өзбекстанға өткізіп отырған екен. Ал қазір өсірілсе, жібекті сатып алуға «Ауыл – Жер – Ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА