Бауыржантану сағаты кітапханада өтті
Облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан» атты бауыржантану сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара облыс тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті қаламгерлердің туындыларын оқу, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатындағы «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында өткізілді.
Жиынға М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев батыр туралы қызықты деректерді әңгімеледі.
Бауыржантану сағатына қатысқан «125 international school» мектебінің директоры Йылдырай Абдуллах пен тарих пәнінің мұғалімі Сәт Қуантай, Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымының облыстық филиалының төрағасы Дархан Байпақ, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогі Замира Кожағалиева, «Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогі Абай Қаспақов, Шерхан Мұртаза атындағы мектепгимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогі Динара Әбілхайырова да өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ жиынға қатысушы оқушылар мен студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, әдеби-патриоттық сағат ашық пікірлесу алаңына айналды.
Қамар ҚАРАСАЕВА