Тұтынушылардың мүддесі ескерусіз қалмайды
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаменті өңірдегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтері мен бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс істеп келеді. Департамент басшысы Алмат Абдрайханның айтуынша, жыл басынан бері департаментке 19 табиғи монополиялар субъектілерінен 50 тарифті бекітуге 50 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы екі хабарлама келіп түсті.
Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 50 өтінім бойынша 17 тариф бекітілсе, 2 өтінім бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағасы келісілген. Ал 9 өтінім қараудан бас тартылса, 20 өтінім өтініш беруші тарапынан кері қайтарылып алынған. Бүгінгі күні департаментте 7 өтінім қаралуда.
Сонымен департамент тарапынан бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуының талдау қорытындысына қарайтын болсақ, қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, өткен жылы 2 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 346344,96 мың теңгені құраған. Оның 185787,52 мың теңгесі «Қазфосфат» ЖШС-ға, 160557,44 мың теңгесі «Жамбыл су» КМК-на тиесілі. Сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізілген.
Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта осы жылдың жартыжылдығында департамент тарапынан 4 табиғи монополия субъектісіне қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жалпы сомасы 9830 мың теңге көлемінде айыппұл салынып мемлекет пайдасына өңдірілді. Облыстың жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген бір табиғи монополия субъектісіне қатысты тексеру жүргізіліп, онда бір заң бұзушылықтар анықталды.
Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде бір нұсқама енгізілді, қазіргі таңда орындалу барысында. Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, департаментпен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Біріншісі, «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру».
Екіншісі, «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру». Үшіншісі, «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру», төртіншісі, «Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару».
Бүгінгі күні департ амент т арапынан атқарылып жатқан ең маңызды жұмыстың бірі – тұтынушылардың назарына табиғи монополиялар субъектілерінің істеп жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуы. Осы жұмыстардың аясында департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен жыл басынан бастап депутаттардың, Amanat партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен 52 іс-шара өткізілген. Алмат Аблайханұлының айтуынша, жыл басынан бері департаментке 739 құжат келіп түскен болса, оның 182 бақылауға алынған, шығыс құжаттың саны – 658, барлығы белгіленген мерзімде орындалған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.