Әлеумет

31,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Бағдат Рүстемовтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған 31,6 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 8,1 мың гектары егістік, 22,2 мың гектары жайылымдық жер.