Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
6 қазан күні еліміздің бірқатар аймақтарында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Алматы қаласында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Алматы және Жетісу облыстарында түнгі уақытта тұман түсіп, 1–5 градусқа дейін үсік күтіледі. Алакөл маңында жел күші 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғып, қатты жел байқалады. Жамбыл облысында да тұман түсіп, кей аудандарда желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар 1–3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Бірнеше өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай мен Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында жоғары және төтенше өрт қаупі болжануда.
Мамандар тұрғындарға ауа райы құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.