Сарбаздар қарияларға қамқорлық көрсетті
Таразда Қарттар күні қарсаңында Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау және жауынгерлік қолдану Оқу орталығының әскери қызметшілері еріктілер акциясын бастады. Олар қамқорлыққа мұқтаж қарт адамдар тұратын №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы атбасын бұрды.
Қарт адамдар тұратын мекемеге мамандарды даярлау және Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА жауынгерлік қолдану Оқу орталығының әскери қызметшілері қолдарына тырма, күрек және қол араларын ұстай келді.
Өйткені үй шаруашылығына кез келген көмек артық етпейді. Мұнда да қонақтарға арналған жұмыс табылды, олар кесілген бұтақтарды жинап, кесетінін кесіп, қоқыстарды сыпырып, тазалады. Әскерилер шаруашылық міндеттерді ортақ іске айналдырып, тез және үйлесімді әрекет етті.
Жай және шын жүректен әңгімелесуге де уақыт табылды. Орталықтағы қарттар үшін осындай қонақтарды қарсы алу қуаныш сыйлады. Ал әскерилер үшін, өкінішке қарай, олардың көпшілігіне өмірден өтіп кеткен ата-әжелерін естеріне түсірді, әрі қарттармен жақындарымен тілдескендей жағдайда сөйлесуге мүмкіндік берді.
Осылайша, әскерилер қарттар күнін қарапайым жұмыс жағдайында атап өтті. Салтанатты мереке ретінде емес, қатардағы жұмыс күні ретінде. Бірақ осы шара жас адамдарға да сергектік, жан жылуын сыйлады және ерте ме, кеш пе барлық адам қартаяды, сондықтан өмірдің әр сәтін бағалау өте маңызды деген қарапайым шындықты түсінуге мүмкіндік берді.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ