Таразда тұңғыш рет Avvigo+ технологиясы енгізілді
Басты байлық – денсаулықты қорғап, сырқатқа шалдықса, ертерек анықтап, нәтижелі ем жүргізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Денсаулықты сақтауда тигізер көмегі үлкен жаңа аппарат Тараз қаласына алғаш рет әкелінді. Ол – Avvigo+ тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу жүйесі.
Кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығы қолданысқа жаңадан енгізген тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу — кардиологиялық көмектің жаңа деңгейі. Әлем бойынша кеңінен қолданылатын, жүрек-қан тамырлары ауруларын дәл анықтауға және емдеуге арналған заманауи технология енді облыс тұрғындарының өмірін құтқаруға қызмет етеді.
Айта кетейік, бұл операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Яғни, тұрғындарға қаржылық ауыртпалықсыз жоғары технологиялы көмек алуға мүмкіндік берілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА