Байқау жеңімпаздары – еңбек майталмандары
Еңбек күніне және Жұмысшы мамандықтары жылына орай Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалы еңбеккерлер арасында «Еңбек адамы – 2025» облыстық байқауын ұйымдастырған болатын. Бұрнағы күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Қоғамдық келісім» мекемесінің үлкен залында салтанатты түрде аталып өтті.
Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, жиналған көпшілікті партияның аймақтық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Рахман Аққозиев құттықтады.
4 Бұдан соң сөз алған Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұркен Сейдалиев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен еңбек адамына, оның кәсіби біліктілігіне, адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты екендігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар Жамбыл облысы Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов та өз құттықтауын білдірді. Шарада Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы Жансұлтан Қалиев, «Таразпроммонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы Абай Борсықов, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы кадрлар бойынша бас маманы Гүлмира Айтжанова, «Тараз былғары аяқ киім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кадрлар бөлімінің бастығы Ғалия Атабаева, «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылығындағы «ТаразПрофсоюзТурист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшысы Ерлан Нұрмаханбетов, «Пырақ-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қойма меңгерушісі Шакизада Байназарова Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ал «Alashprom»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цех бастығы Серікбай Сағади, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы мекемесінің әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджері Абушарип Асанбеков, №5 қалалық емханасының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Мағрипа Жұмадилова Алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған «Еңбек адамы – 2025» аймақтық байқауының қорытындысымен «Үздік құрылысшы» аталымында «JETI BULAQ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы Мәулен Әжіқұлов, «Үздік слесарь» аталымында Тараз металлургия зауытының жұмысшысы Андрей Быхон, «Газ қауіпсіздігінің сенімді қорғаушысы» аталымында «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының жұмысшысы Болат Жұмағұлов, «Үздік жүргізуші» аталымында Тараз металлургия зауытының жүргізушісі Қамбар Мамытов, «Қоғамдық тамақтандыру саласының үздік қызметкері» аталымында «Ашатай» бөбекжай бақшасының бас аспазшысы Жәмила Қуанышева, «Еңбек әулеті» аталымында «Жамбыл су» мекемесінің жұмысшылары – ағайынды Болат пен Қанат Дәуіттер жеңімпаз болды.
Үздік шыққан еңбек майталмандарын партия филиалы төрағасының міндетін атқарушы Рахман Аққозиев марапаттап, арнайы төсбелгіні табыс етті. Осы күні біршама азаматтар партия қатарына қабылданып, қолдарына партия билеттерін алды. Салтанатты шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, «Тараз» триосы мен өнерпаздар – Әбдіқасым Сайлыбаев пен Абай Қасымов әндер орындап, өткен ғасырда өңірдегі алып кәсіпорын Жаңа Жамбыл фосфор зауытының құрылысына қатысып, еңбек көрігін қыздырған, 1979 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атанған марқұм тараздық Петр Гончаревтің қызы – ақын Наталья Гончарева өлеңдерін оқып, көптің қошеметіне бөленді.
Кітап – руханият өзегі
«Ауыл» партиясының дәстүрлі «Кітап – руханият өзегі» атты акциясы Жамбыл облысында да өтті. Кітап – сарқылмас қазына, рухани байлықтың қайнар көзі. Партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асырылған шара аймақ тұрғындары арасында кең қолдау тапты.
Акцияда партия өкілдері, студенттер, кітапсүйер қауым өздері оқып шыққан кітаптарын өзгелерге табыстау мақсатында арнайы ашық есік күнін жариялады. Бұл шараның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамда оқу мәдениетін арттыру және кітаптың ұрпақ тәрбиесіндегі, ұлттық руханияттағы орнын кеңінен насихаттау. Нәтижесінде аз уақыт ішінде 158 түрлі тақырыптағы кітап жиналды. Олардың ішінде көркем әдебиет үлгілері, әлемдік және қазақ классикасының туындылары, ғылыми-танымдық еңбектер мен тарихи еңбектер бар.
Бұл қазыналы кітаптар көпшіліктің игілігіне ұсынылу үшін Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің кітапханасына табысталды. Кітаптарды тапсыру рәсімі «Ауыл» партиясы облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бұл акцияның маңыздылығын тілге тиек еткен облыстық филиалдың төрағасы Нұржан Мүсілімов:
Ал Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің ұжымы мен студенттері «Ауыл» партиясына және барлық кітап сыйлаған азаматтарға алғыстарын білдірді. Колледж кітапханасының қорына түскен жаңа кітаптар білім алушылардың ізденіс көкжиегін кеңейтіп, сапалы білім мен рухани дамуға сеп болатыны анық.
«Таза Қазақстан» ROAD-эстафетасы Жамбыл жеріне жетті
Amanat партиясы бастамасымен Алматы – Қызылорда бағытындағы 1200 шақырымдық автожол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Алматы облысынан бастау алып, Жамбыл облысы аумағына келіп жетті.
30 қыркүйек күні Алматы облысынан басталған «Таза Қазақстан» Road эстафетасы Жамбыл облысының алты ауданы мен Тараз қаласын қамтитын болады. 1200 шақырым жолдың 500 шақырымы Жамбыл облысына тиесілі. 30 қыркүйекте Қордай ауданынан басталған эко акция 2 қазан күні Жуалы ауданы мен Түркістан облысының шекарасында аяқталды. Эко-акцияға 300-ден аса жамбылдық жас қатысты.
Эко-акция қатысушыларын Алматы мен Жамбыл облыстарының шекарасынан Amanat партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бастаған партия мүшелері мен белсенділер салтанатты түрде қарсы алды.
Эстафета құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Amanat партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандирова, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихат депутаттары бар.
Қатысушылар республикалық маңызы бар автожол бойын тазарту жұмыстарымен қатар, «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында Қордай ауданындағы «Тұлғалар тұғыры» ескерткішінің айналасында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Кенен ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл халқы өңірде өзекті болып тұрған бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, олар бойынша пікір алмасу өтті. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары мен жауапты бөлім басшылары қойылған сұрақтарға нақты әрі толыққанды жауаптар берді.
Аталған іс-шара Меркі ауданында да жалғасын тапты. Қатысушылар Тәтті елді мекені мен Меркі ауылының арасындағы республикалық маңызы бар автожол бойында тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Эстафетада жастарға арналған Open Air форматындағы концерттер ұйымдастырылды. Ал «Чемпиондық рух» жобасы шеңберінде эстафетаға қатысушылар елімізге белгілі қол күресі шебері Дмитрий Трубинмен таңғы жаттығу жасап, салауатты өмір салтын насихаттайтын болады.
Сенбілікке қатысты
Байзақ аудандық «Байтақ» партиясы филиалының төрағасы Ғалымжан Абаевтың жетекшілігімен филиал белсенділері Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында жалпыхалықтық сенбілік өткізді.
Туған жердің тазалығы – әр азаматтың парызы, еліміздің болашағына қосқан үлесі. Сондықтан бірлесе әрекет ету, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру арқылы көпшілік қоғамдық жұмыстарға қатысу партия белсенділерінің басты ұстанымы.
Ерман ӘБДИЕВ