Мұғалімдер марапатталды
Мұғалімдер мерекесіне орай Amanat партиясының облыстық филиалында өңірдің бірқатар үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді. Мерекелік марапаттау жиынын партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өзінің құттықтауымен ашты.
Облыста 56 мыңнан аса партия мүшесі болса, оның 22582-сі, яғни 40,2 пайызы білім саласының қызметкерлері. Ал мәслихаттардағы аманаттық 210 депутаттың 32-сі білім саласында қызмет етеді.
Партияның Саяси кеңесі Бюросының №009 қаулысына сәйкес, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі №64 орта мектебінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Эльмира Қойлыбаеваға тапсырылды. Сондай-ақ білім мен тәрбие беру ісінде үздік еңбек үлгісін таныта білген педагогтер Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың «Құрмет» грамотасымен, партияның Атқарушы Хатшысының орынбасары Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен және облыстық филиалдың Алғыс хатымен марапатталды.
Қамар ҚАРАСАЕВА