Аймақ

Ұстазға деген құрмет - мәңгілік

Қазақстанда мұғалімдер күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Мемлекет басшысының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның мәжіліс залында ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған облыстың билік өкілдері, облыстық білім басқармасының және атаулы басқармаға қарасты аудандық бөлімдердің басшылық құрамы, ұстаздар қауымы, сондай-ақ қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Салт анатты жиынның шымылдығы сахнада қазақ даласында сонау ұлы Абайдан басталған ағартушылық қызметтің бүгінгі күнге дейін жалғасқан жарасымды жолы көрініс ретінде көрсетіліп, түрілді. Мерейлі мерекеге орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров құттықтау сөз сөйледі.

Осыдан кейін кезек марапаттау рәсіміне берілді. Осыған орай өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін және кәсіби мерекеге орай бірқатар азаматтар әртүрлі марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, ҚР-ның мемлекеттік наградасы «Құрмет» орденімен «Жамбыл облысы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Меркі комитеті филиалының төрағасы Мадина Асанжанова марапатталса, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен білім саласының ардагерлері Гүлжамал Әлімбекова, Бақыт Райымбекова және Геннадий Солодовников марапатталды. Ал «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова, Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Дастанова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Лаура Ырысқұлбекова және Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Жұлдыз Лесбекова иеленді.

Білім беру ісінің ардагер менеджері, 50 жылдық ғұмырын бір мектепке арнаған ардагер ұстаз және білім беру ұйымында ұзақ жылдар бойы әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болған ардагер ұстаздарға 100 мың теңгенің сыйақылары берілді. Солардың ішінде «Мамандыққа адалдық» номинациясы бойынша білім саласының ардагерменеджерлері Сұлушаш Құрманбекова мен Дәмеш Ускумбаева марапатталса, «Бір мекемеге арналған ғұмыр» номинациясы бойынша Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің мұғалімі Ахай Пармешов пен Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бағдат Дүйсембиева, «Білім майданының көрінбейтін жауынгері» номинациясы бойынша Гродеково орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Маржан Рыхымбаева марапатталды.

Ал «Үздік педагогтерге сыйақы тағайындау» байқауының қорытындысы бойынша облыстың мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне 150 мың теңгенің сыйақылары берілді.

Сондай сертификатқа ие болғандардың ішінде «Үлкен жүрек» номинациясы бойынша марапатталған № 9 бөбекжайбақшасының тәрбиешісі (Тараз қаласы) Жадыра Шүкірбаева, № 35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының әдіскері (Тараз қаласы) Жанна Тымбаева, «Таланттар сәулесін жаққандар» номинациясы бойынша марапатт алған Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс ісшараларды өткізетін облыстық орталығы директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім беру педагогы Айгүл Айдар, Көркем сурет балалар мектебіның қосымша білім беру педагогы (Байзақ ауданы) Құмар Бердалы, №4 «Үміт» оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы (Меркі ауданы) Бекзат Төлендиева және Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы (Сарысу ауданы) Гүлдана Абдрайымова, «Ерен еңбек иесі» номинациясы бойынша марапатталған №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі (Тараз қаласы) Әсел Арғымбекова және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқуәдістемелік орталығының бөлім жетекшісі Әлия Әлімбекова бар. Мерекелік жиында жалпы саны 53 адам марапатталды.

Салтанатты жиынның соңы Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ