Жаңалықтар

51 жобаға оң қорытынды берілген

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық кәсіпорын көрсететін қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізу.

Аталған кәсіпорынның өңірлік филиалына жыл басынан бері 62 өтінім түсіп, 51 жобаға қорытынды берілген. Жалпы, ведомстволық сараптама бойынша биылғы жылға жоспарланған қаражаттың бұл күнде 27,4 миллион теңгесі игерілген.