Етті қойдан жүнді қойдың артықшылығы қандай?
Негізінде тауық сойса да қасапшы союы тиіс. Сол сияқты қандай сала жайлы сөз сөйлер болса да, сол саланың ұңғыл-шұңғылын білетін маман сөйлегені жөн. Біз бүгін осы ұстанымға сүйене отырып, мал шаруашылығының ішінде етті қойдан, жүнді қойдың қандай артықшылығы бар екендігі турасында ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманқұл Нысанбаевтың маман ретіндегі ойтолғамдарын ортаға салатын боламыз. Ол мамандығы бойынша мал зоотехнигі және тері, жүн, аң терілерін өңдейтін инженер-технолог. Көрсетілген екі салада жауапты қызметтер атқарып, соңғы 20 жылда Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік инспектор, Бас мемлекеттік инспекторы болған тәжірибелі маман. Бүгінде ол зейнеткер.
Артықшылықты айыру үшін салыстыру қажет. Мысалы, сала ардагерінің айтуынша, Кеңе с дәуірінде біздің облыста 147 колхозсовхоз болған, онда 7,5 миллион бас қой бағылған. Содан кешегі жекешелендіру кезінде қолдағы барымыз талан-таражға түсіп, мыңғырған малдан 7 бас қой да қалмаған.
Негізінде қой жүні мен оның терісі аса құнды шикізат болып есептеледі. Қой жүнінен сапасына қарай әртүрлі кездеме маталар мен жылы киімдер тоқуға, ал терісінен әртүрлі күздік киімдер мен жылы тондар тігуге болады.
Бұл жөнінде де Аманқұл ақсақалдың айтар сөзі дайын:
Ескеретін жағдай, әлемдегі ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті жоғары ел ретінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдеріне, оның ішінде тері, жүн секілді мал өнімдеріне деген сұраныс ешқашан жойылған емес. Сондықтан өз байлығымызды қорғау мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерінің мемлекеттік өлшемдерін (ГОСТ) және өнімінің сапасына байланысты бүгінгі күннің талабына сәйкес оның тұрақты бағасын бекітіп алып, келешекте тек сол бағамен жұмыс істеуіміз керек сияқты.
Бұл жұмыс елімізде өнім бағасын тұрақтандыруға және ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын көтеруге әсерін тигізетін болады. Сонда мемлекет субсидия төлеудің машақатынан құтылады.
Осыған байланысты А.Нысанбаев:
Осы жерде жөні келіп тұрғасын, біз де жеміне сүйек ұны қосылып берілген малдың тез семіретіндігін дәлел ретінде айта кетуді жөн көріп отырмыз. Тіптен орайын тапса, мал сүйегі емес, қырман тартқанда бидайдың арасынан шығатын шошқа тікеннен де ұн жасап, малға берсе, үш айда семіретін қойдың бір жарым айдың ішінде ет алып шыға келетіндігін айтсақ, артық бола қоймас.
Мұның мысалын біздің бүгінгі кейіпкеріміз Аманқұл ақсақал қызмет бабымен ауылдарды аралап жүрген кезінде, бір ауылдың қырманынан шошқа тікенді үймелеп жинап жатқан бір қарияны әңгімеге тартқан сәтінде естіп, білген, көрген. Әлгі қария оған жыл сайын қырманнан 5-10 тонна шошқа тікен жинап, оны диірменнен өткізіп, малдың жарма жеміне қосып беретіндігін айтқан. Сөйтіп, малының тез семіретіндігіне ешкімге қажеті жоқ шошқа тікеннің септесіп жатқандығын жеткізген.
Расында да ауылдағы қозы мен лақ, бұзау мен құлын терілері және ауыл адамдары ұстаған қарсақ, түлкі, борсық, қоян секілді аң терілерін де ауыл адамдары қазір өртеп жатыр. Ал негізінде бұлар аса құнды шикізат болғандықтан олардан неше түрлі жылы киімдер тігуге болар еді. Мұндай бағалы шикізаттарды бекерге өртеп жібергенше оларды арнайы өңдейтін фабрикаларға жіберіп, оны халық кәдесіне жаратуымыз керек емес пе.
Сала ардагерін мал шаруашылығымен қоса жеміс-жидек, көкөніс өндірісіне қатысты бүгінгі қалыптасып отырған жағдай да алаңдатады. Осы орайда оның айтар өз ойы, уәжі бар.
Бұдан бөлек, сала жанашыры бізге шетелден мал тасымалдағанда немесе тұқымдыққа дәнді дақылдар әкелерде шекарадағы кеден қызметіндегі тексерісті күшейтуіміз қажеттігін ескертеді. Әсіресе елімізге шекара асатын мал болсын, дақыл болсын, барлығы да 40 күндік карантиннен өтуі тиіс дейді маман.
Бұлай болмаған жағдайда, алдымыздан малдан тарайтын сарып секілді аурулардың шығатындығын, сондай-ақ ауруы бар дақылдармен бірге келіп, жерімізге сіңетін зиянкестерден шіріген жеміс-жидек жинайтынымызды алға тартады. Қарт маманның пайымдауынша, түптеп келгенде саладағы проблеманың дені жауапты органдардың енжарлығынан туындап отыр.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ