Жаңалықтар

Шығармаларында ұлттың болмысы мен тағдыры көрініс тапқан

Биыл киелі Әулиеата өңірінде бірқатар қалам иелерінің мерейтойына орай құрмет көрсетіліп, аймақ руханиятына кең қолдау жалғасуда. Осы орайда облыс орталығында жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжанның 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді.

Әуелі М.Х.Дулати университетінің қабырғасында өткен конференцияға зиялы қауым өкілдері мен әдебиетшілер қатысты. Жиынды әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Күлбарақ ашып беріп, жүргізіп отырды.

Бұдан кейін сөз алған жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Доқтырхан Тұрлыбек Елен Әлімжанның прозалық шығармаларындағы шынайылық пен өмірлік болмысты тілге тиек етті.

Рас, «Анажарда» жалғыз қала өмірінің ғана емес, бүкіл адамзаттың трагедиясы айтылады. Автор шығармасында техникалық өркениетке байланған қоғамда адам бойында әлі де адами қасиеттер бірінші орында болу керектігін меңзейді. Бұл туралы автордың өзі былай деген болатын: «Анажарға» қатысты бірсыпыра пікірлер жарық көрді. Дөп басып, дәл айтқандары да, келте түсініп, тереңіне бойлай алмағандары да бар. Әсіресе «Анажар – соңғы отыз жылымыздың көркем көрінісі» деген Ғұсман Жандыбаевтың пікірі дәл баға. Ол тіпті Анажарды өмірге таза, бейкүнә көзбен қарай алатындығына қарап Дон Кихотпен салыстырады».

Шындығында шығармашылық адамында өзіне тән тек пен мінез болуы шарт. Онсыз қалам иесі қоғамға ой салатын дүниелер жазуы неғайбыл. Ал сол қайрат пен ерікжігерді таныту үшін тарпаңдық пен тағылықты аңсап күшеншектеудің де қажеті жоқ. Тек ар мен абырой таразыға түскенде дұрыс шешім қабылдай білген жөн болар. Елен Әлімжанның жазушылығынан бөлек, қайраткерлік тұсы да осындай сын-сағаттарда көрініс тапты. Ол Желтоқсан оқиғасына қатысты кадрларды аймақтық телеарнадан алғашқы болып экранға шығарған басшылардың бірі болды. Бұл ел есінен айырылып, оң-соңын айыра алмай жатқан тұста ерлікке пара-пар шешім болатын. Оның бұдан өзге де қайраткерлігі шәкірт тәрбиелеп, талантты танып жанашыр бола білуінде болса керек.

Жиында жазушының қамқорлығын көрген, бүгінде қазақ елінің қабырғалы қаламгерлеріне айналған Көсемәлі Сәттібайұлы, Ерлан Жүніс с екілді белгілі ақын-жазушылар жылы е стеліктерімен бөлісті. Бұдан бөлек, Журналистер одағының мүшесі, профессор Сағындық Ордабеков, ақын Шырын Мамасерікова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті проректорының міндетін атқарушы Аслан Тұрлыбек пен Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметға ли Сарыбеков драматург шығармашылығы туралы ой тербеп, кеш иесін мерейтойымен құттықтады. Мерейтойдың екінші кезеңі А. Тоқпанов атындағы облыстық драма театрында жалғасын тапты. Бұлай болуының да өзіндік заңдылығы жоқ емес. Елен Әлімжан бүгінгі Әулиеата әдебиетінің алдыңғы буын өкілі ғана емес, Кәрім Баялиев, Әлдихан Қалдыбаев, Бақытяр Әбілдаев, Арғынбай Бекбосынов секілді қаламгерлердің жолын жалғаған Жамбыл драматургиясының ақсақалы.

Жазушы жайында Шерхан Мұртаза «Елдегі қаламгер» естелігінде:

Мерейтой аясында театр сахнасында автордың «Абылай хан» драмасы сахналанды. Тарихи оқиғаларға негізделіп жазылған туындыда автор қазақ пен қалмақ арасындағы қайшылықты дәуірді екі ханның бейнесі арқылы көрсетеді. Сондайақ мұнда ежелден келе жатқан ақ пен қараның айқасы да бар. Автор шығармасында ерлік, қайсарлық сияқты қасиеттерді ашуымен қоса, жағымпаздық, жылпостық, сатқындық сияқты әрекеттерді де сынайды.

Қойылымнан Абылай ханның ел басқару ісіндегі саяси қайраткерлігін көруге болады. Спект акльде күрделі кездесулер, батыл шешімдер, қиынқыстау кезең аталған қойылымда мұның бәрі көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихында Абылай хан туралы көптеген шығарма жазылды. Ал Елен Әлімжанның «Абылай» драмасы алдыңғы деректерді қайталамаған. Шығармада автор соғыс жағдайынан гөрі Абылай ханның болмысын ашуды мақсат еткен.

Салтанатты мерейтойдың қорытынды кезеңін ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс жүргізіп, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйласымды әңгіменің өрнегін танытты.

Елен Әлімжанның көпке белгісіз қырының бірі – ақындығы. Мерейлі кеште қаламгердің поэтикалық шығармаларының жазылу тарихы айтылып, автордың сөзіне жазылған «Тағзым ұлы Абайға», «Сері аға», «Аққұмда туған баламын» атты әндер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Іс-шараның қорытынды кезеңіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қаламгерді мерейлі жасымен құттықтады.

Сондай-ақ кеште облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қаламгерді мерейлі жасымен құттықтап, құрмет білдірді. Елен Әлімжан өз шығармаларында адам болмысын тереңнен қаузап, Ницщенің «Құдайға ұқсаған адам», Ғазалидің «Кемел адамы» мен Фарабидегі «Қайырымды қала тұрғындарымен» үндескен Абай формасындағы «Толық адамды іздеген» жан.

Сұхбат аясында қаламгердің шәкірті Ерлан Жүніс:

Кеш соңында жазушының «Жанұраным» пьесалар жинағы мен «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағының тұсауы кесілді.

 

Нұрболат АМАНБЕК