Қазыналы қарияның орны төр
Қазан айының бірінші күні – Халықаралық Қарттар күні. Бұл халықаралық мереке 1990 жылдың 14- ші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген мереке. Атаулы күн елімізде 1991 жылдан бері тойланып келеді. Осы күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт болса, оларға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне» арнайы барған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар қарияларға құрмет көрсетті.
Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, осындағы қариялар аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Жаст ар мен орт а буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығын үзбей келе жатқан аға буынның тілегі де, ниеті де бейбіт күннің тыныштығы, ел амандығы.
Сондай-ақ басқо суда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін – «Қазақстан Конституциясына – 30 жыл» мерекелік медалімен мемлекеттік қызмет ардагерлері – еңбек ардагері Рахматілда Рахманбердиев пен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешованы марапаттады. Ал Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Мәдениет және жастар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Исмаил Хажымұрато в, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мұхтар Тұрғымбеков, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл ауданы филиалының директоры Сембек Пірімқұлов, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қошқарбек Исмаилов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Жиын соңында аймақ басшысы қариялардың сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік қызмет ардагері Оңласын Есіркепов ақ батасын берді.
Ерман ӘБДИЕВ