Жамбылдық мұғалім Тоқаевтың қолынан награда алды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында республика бойынша 28 білім беру саласының үздігін Ақордада қабылдап, салтанатты түрде мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ағартушылық жолындағы еңбегі еленгендердің қатарында жамбылдық ұстаз, өңірдегі «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі – Мұхтар Талқанбаев та бар
Ол резиденцияда өткен жиында Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы кездесу барысындағы құттықтау сөзінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елімізде заман талабына сай 150 білім ошағы салынғанын, сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүріп жатқандығын айтты.