Әлеумет

Арқадан әкелінген арқар мүйізі

Барша көпшілікке әсер беретін, тарихи немесе тәрбиелік маңызы бар заттардың сақталатын орны – музей. Сондай жәдігерге бай мәдени ошақтың бірі – Сарысу аудандық тарихи-өлкетану музейі. Аталған музейдегі құнды жәдігерлердің бірі – арқар мүйізі

Арқар – тауда өмір сүретін қуысмүйізділер тұқымына жататын ірі аң. Арқар бір қарағанда кәдімгі қуыс мүйізді қазақы қойға ұқсас. Бірақ қойға қарағанда дене тұрқы үлкендеу, ешкі секілді қимылы жылдам, тау-тасты мекен ететін жануар. Денесінің сымбаты да, бойының биіктігі де, салмағы да мекен еткен ортасына байланысты әрқалай болып келеді. Арқардың аталығын – құлжа, қозысын – қозықа деп атайды.

Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген айшықты болып келеді. Арқардың жойылып кету қаупі туғандықтан, оны аулауға тыйым салынған. Тек арнайы рұқсатпен ғана аулауға мүмкіндік бар. Аталған музейге арқар мүйізін 2014 жылы 14 сәуір күні Саудакент ауылының тұрғыны Әбутәліп Исаев өткізген екен.

Арқардың өзін көруге қызығатын кісілер көп. Оның мүйізі де келушілер үшін қызықты болатыны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ

Сарысу ауданы