Болашағын болат жолмен байланыстырған сала үздігі
«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ – «Жүк тасымалы» Жамбыл бөлімшесіне қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосында еңбек етіп жүрген машинист Нұрдос Дәурембеков тамыз айында кәсіби мерекесінде кеудесіне «Үздік жас маман» төсбелгісін қадаған жас теміржолшы. Ол жас та болса бұл марапатқа өзінің қажырлы еңбегімен, талапшылдығы және еңбекқорлығымен жетіп отыр.
Оның үстіне Нұрдос өткен жылы Қазақстан бойынша мың жарым жас теміржолшының ішінен іріктелген «100 жас есім» төсбелгісін иеленіп, есімі кітапқа енді. Балалық арманы журналист болуды қалаған маман, өзінің болат жолға қалай келгенін былайша баяндайды:
Академияны 2013 жылы «қызылға» бітірген кейіпкеріміз алғаш еңбек жолын Алматы локомотив пайдалану депосында бастаған. Онда ол сол депоның шақыруымен барған болатын. Дегенмен 2016 жылы туған жеріне оралған ол содан бері Жамбыл локомотив пайдалану депосында екінші санатты машинист болып еңбек етіп келеді.
Сонау бала кезінде журналист болсам деген жігіттің жігері жанып тұр. Өлеңге де әуестігі бар екен. Келесі сапары «Тараз-Шу» бағытын бетке алған сала үздігіне сәт-сапар тіледік!
Ерман ӘБДИЕВ