Қазандық тазалауға да қайсарлық қажет
Қарапайым еңбек адамының мерейін өсіретін, әрине еңбек өнімділігі. Ұтымды ұйымдастырылып, үйлесім тапқан ортада еңсесі биіктей түсетін жұмысшының басты қағидасы – жауапкершілік. Осындай қасиеттерді кейіпкеріміз «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамында 17 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Зауырбек Керімбаевпен тілдескенде сезінгендей болдық.
Осында алғаш қатардағы слесарь болып келген ол қазір «гумеровшик», бесінші санатты жұмысшы. Яғни химиялық цехта қышқылмен жұмыс істеп, қазандықтарды сырлап, тазалайды. Кәсіпорынға жұмысқа келгенде алдыңғы буын ағалардан үйренген тәжірибесімен бүгінде жас мамандармен бөлісіп жүр.
Қазір өзі Жандос Баетов сынды жас маманның тәлімгері. Алдында Тараз қаласындағы әскери госпитальда еңбек жолын бастаған Зауырбек кейін «Таразтрансэнерго» жеке шаруашылық серіктестігінде үш жылдай еңбек етіп, кейін жоғарыдағы кәсіпорынға ауысқан. Ортасына сыйлы, басшылық тарапынан алғыс алып жүрген азамат.
Ерман ӘБДИЕВ