Аймақ

Шаруалар субсидия қаржысын сұрады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірімізге жасаған жұмыс сапары аясында облыс шаруаларымен кездесті.

Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында ең алдымен несие мәселесі көтерілді. Шаруалардың арасында, әсіресе қайта өңдеу ісімен айналысатындар осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды, тиісті бағдарламаларды толық білмейтінін аңғартты. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбас ары Әбілхайыр Тамабек жауап беріп, алдағы уақытта әр ауданда, ауылда жергілікті жердегі әкімдер халықпен тығыз жұмыс істеп, қолжетімді бағдарламаларды кеңінен насихаттайтынын жеткізді.

Сонымен қатар шаруашылық басшылары субсидия қарызы жайлы сұрақ қойды.Бұл мәселе қаржыға байланысты екенін айтып, берешектер кезең-кезеңімен жабылатынын ұқтық. Жалпы егін жинау науқаны жақсы деңгейде өтіп жатыр, өнім де мол. Дегенмен кейбір шаруалар несие мерзімін ұзартуды сұрап отыр, оны алдағы уақыт көрсетеді. Облыс әкімінің орынбасары арнайы жұмыс тобын құрып, қажет болған жағдайда қаржы институттарының өкілдерін де тартуға уәде берді. Жыл сайынғы көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА