Ақордада ауыс-түйіс. Кімдер орынтағын босатты?
Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан;
Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан;
Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан;
Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан;
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан БОСАТЫЛДЫ.
Сондай-ақ. Президент Жарлығымен:
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына;
Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына;
Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі лауазымына;
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымына ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.