Жаңалықтар

Таразда кезекті рет «Қақпа алдында кездесу» жобасы ұйымдастырылды

Бірер күн бұрын өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты ер адам босатылды.

Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері тарапынан 35 жастағы А есімді азаматқа Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында тиісті құқықтық көмек көрсетіліп, қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертілді. Іс-шараға  сотты болған азаматтың туған-туыстары да қатысты.


Жалпы, еркін өмірге жолдама алған сотты болған азаматтар үшін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының маңызы зор. Өйткені, жазасын өтеушілерді әлеуметтік бейімдеу және қылмыстың алдын алуды көздейтін жоба шеңберінде арнайы контингент өкілдеріне жан-жақты ақпарат беріліп, нақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.