Жүгері мен қант өңдеуде инвестиция басым
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оны кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев жүргізіп отырды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан ауыл шаруашылығы саласына қатысты туындайтын міндеттерді сөз етті.
Бұдан соң өңірдегі күзгі дала жұмыстарының және ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев баяндап өтті.
Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар егістік алқапқа орналастырылып, бұл көрс еткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артып отыр екен. Шілде айынан бастап өңірде егін жинау жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 316 мың гектары орылып, 283 мың тоннадан астам өнім алыныпты.
Ерман ӘБДИЕВ