Әлеумет

Әр отбасы өзінен бастауы тиіс

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауын «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: «Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп атады. Онда «Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық» деп атап көрсетті. Ол мәселені шешу еліміздің өркендеуіне бастайтын көш деп мәлімдеді.