«Кеш Емес» кітабы жарық көрді
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Нұрсұлтан Нұрхожаевтың «Кеш Емес» кітабының жарық көруіне орай «Кеш Емес – Жастарға сенім мен серпін» тақырыбындағы облыстық ғылымитанымдық тұсаукесер конференциясы өтті. Конференцияны М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Журналистика және филология» кафедрасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты – жаңа туынды «Кеш Емес» кітабы арқылы жастарға, жалпы оқырман қауымға үміт, мотивация жән е сенім сыйлау. Жаһандану дәуірінде адасқан санаға бағыт, торыққан жүрекке тірек бола білу. Автордың өмірлік тәжірибесі мен ішкі толғаныстары арқылы оқырманмен рухани байланыс орнату болды.
«Кеш Емес» – адамның өмірінде үміт пен жаңаша бастамалар үшін ешқашан кеш емес екенін дәлелдейтін мотивациялық туынды. Бұл кітап – шынайы өмірлік тәжірибеге сүйеніп жазылған әр адамға шабыт сыйлайтын еңбек. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессороқытушылар құрамы мен ұстаздары, БАҚ өкілдері және жас оқырмандар қатысты.
Конференция барысында студенттер мен мектеп оқушылары мазмұнды баяндамалар жасап, Нұрсұлтан Камалханұлының «Кеш емес» кітабының тұсауы кесілді.
Арна ЖҰМАТАЙ