Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ортақ мүддесі
Облыстағы әскери бөлімшелерде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ортақ мүддесі» атты тәрбиелікидеологиялық іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімдерін қалыптастыру болды.
Жиынға арнайы шақырылған қонақтар – облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы «Консультация беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімінің басшысы Гүлнара Нарболдиева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Поляк этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева және Бауыржан Момышұлы шекара заставасы бастығының орынбасары, капитан Абылай Орысбай жас сарбаздармен кездесті. Іс-шара барысында қонақтар жас буынға өнегелі сөздерін айтып, тәуелсіз Қазақстанның болашағы – елін сүйген, салт-дәстүрін қастерлейтін, тәртіпті де жігерлі сарбаздар екендігін ерекше атап өтті.
Әсіресе, аналар кеңесінің мүшелері отбасындағы тәлім-тәрбиенің маңызын, ұлттық рух пен адамгершілік секілді қасиеттердің сарбаздардың мінез-құлқы мен болашағына тигізетін әсерін кеңінен әңгімеледі. Дәл осындай іс-шара келесі күні де жалғасын тапты.
Ол жиынға облыстық «Анаға тағзым» Отбасын қолдау орталығының психологы Аида Назымбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, «ТарУ Аналар кеңесінің» төрайымы Ардақ Жантаева арнайы шақырылды.
Қонақтар сарбаздармен тәрбие, отбасы құндылығы, ұлттық дәстүрді сақтау және жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеу бағытында ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара барысында лейтенант Асылжан Қалиев сарбаздарға тәрбие және идеология саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, ұрпақ тәрбиесінің маңызын айрықша атап көрсетті. Бір тақырыпты қамтыған екі күнгі ісшара сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, олардың жүректеріне Отанға деген сүйіспеншілікті одан әрі ұялата түсті.
«Көктем – 2025» әскери бөлімінің жас сарбаздары өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, жаттығу үлгілерін орындады. Кездесулердің тәрбиелік мәні зор болды. Жас сарбаздар үшін ел қорғау – қасиетті борыш екендігі тағы бір мәрте айқындалды.
Aq jol-Aqparat