Асыраушы сала - дамудың аса маңызды драйвері
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2024-2028 жылдары екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Биылғы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 48,2 миллиард теңге (субсидия – 32,2 миллиард теңге, «СҚО» тәжірибесін тираждау – 11 миллиард теңге, «Ауыл аманаты» – 5 миллиард теңге) бөлінді.
Бүгінгі күнге шаруаларға 29 миллард теңге қаражат төленіп, 90 пайыз қаржы игерілді, 5 мыңнан астам шаруаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша 149,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Салаға 14 миллиард теңге инвестиция тартылды, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 3,9 миллиард теңге (90,9 пайыз), ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,1 миллиард теңге (159,1 пайыз). 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар егістік алқапқа орналастырылды.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артық. Оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 362 мың гектар; мал азығы дақылдары – 181,3 мың гектар; майлы дақылдар – 38 мың гектар; көкөніс – 31,1 мың гектар; бақша дақылдары – 12,7 мың гектар; картоп – 8,2 мың гектар; қант қызылшасы – 6,6 мың гектар.
Биыл 400-ден аса ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңарту жоспарын 6,5 пайызға жеткізу көзделуде. Есепті кезеңде 255 техника алынып, жоспар 4,1 пайызға орындалды (10-комбайн, 245-трактор). Нәтижесінде көктемгі дала жұмыстарына 8 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 20 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны тарату үшін 8 өңірлік таратушы оператор анықталды. Тарату бағасы 1 литрге 254 теңгені құрады.
Көктемгі дала жұмыстары барысында 17,8 мың дизель облысқа жеткізілсе, оның 16,4 мың тоннасы өтінім берген 1,7 мың шаруаға таратылды (94 пайыз). Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы «Кең дала-1» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облыс шаруаларына 7 миллиард теңге көлемінде 5 пайызбен несие беру жоспарланған болатын. Бүгінде 5 миллиард теңгеге жуық қаржыға өтінімдер түсіп, 4,8 миллиард теңгесі берілді. Бұл өз кезегінде шаруалардың көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізуіне және қажетті материалдық ресурстармен қамтылуына зор серпін берді. Өнімділіктің жоғары болуына тікелей әсер ететін минералды тыңайтқыштарды ендіру жұмыстары да қатаң бақылауда.
Биылғы жылы 498,5 мың гектар алқапқа 99,6 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарлануда. Бүгінде шаруалар тарапынан 91,1 мың тоннаға келісім шарт жасалынып, 89,7 мың тоннасы таратылды (90 пайыз). Облыс аумағында көктемгі дала жұмыстары тұрақты деңгейде жүргізілді. Жиын-терін жұмыстары бойынша 2025 жылғы шілде айынан бастап өңірде егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Есептік кезеңде 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 335,9 мың гектары орылып, 400 мың тоннаға жуық өнім алынды. Сонымен қатар, 8,2 мың гектар картоп дақылының 3,5 мың гектары жиналып, 86,9 мың тонна, 31 мың гектар көкөніс дақылдарының 16,1 мың гектары жиналып, 548,2 мың тонна, 38,мың гектар майлы дақылдардың 18,6 мың гектары жиналып, 10,8 мың тонна, 12,7 мың гектар бақша дақылдарының 12,2 мың гектары жиналып, 372,9 мың тонна өнім алынды. Жалпы биыл 3,8 миллион тонна өнім алу жоспарлануда. Күзгі дала және жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында 9,3 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда. Осы бағытта мемлекет тарапынан 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Сонымен қатар, 2025-2026 жылғы мал қыстату маусымына мал азығын дайындау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Есептік кезең бойынша шабуға белгіленген 305,9 мың гектар жердің 292,7 мың гектары орылып, 2 миллион тонна пішен, 113,4 мың тонна пішендеме және 438,2 мың тонна сабан дайындалды.
Ауа райының құрғақшылығына қарамастан вегетациялық кезең қатаң түрде арнайы кестеге сәйкес су айналым жүйесін қолдану арқылы жүргізілуде. Бүгінгі күні облыстық «Қазсушар» мен шаруа қожалықтары арасында 570 миллион текше метр суға 3,9 мың шарт жасалып, 460 миллион текше метр су жеткізілді. Облыс бойынша бақша дақылдары толық суғарылды, қазіргі таңда оларды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Көпжылдық шөптер кем дегенде екі реттен суғарылып, екі-үш рет орылды. Бүгінде қант қызылшасы, жүгері және көкөніс дақылдарына су айналымын жасау арқылы су беру жұмыстары жүргізілуде. Су тапшылығы проблемасын шешудің бірден бір жолы су үнемдеу технологияларын ендіру екендігі белгілі.
Биыл 11 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын орнатып, жалпы көрсеткішті 66,5 мың гектарға жеткізіп отырмыз. Бұл тұрғыда су үнемдеу технологияларын ендіргені үшін 50 пайыз субсидия қарастырылған. Біз осы бағыттағы жұмыстарды жылдан жылға еселей түсетін боламыз. Былтыр өзекті болған мәселенің бірі қант қызылшасы дақылының өнімін зауыттарға өткеру болған. Биыл аталған дақылды облыс бойынша 5,2 мың гектардан жинайтын боламыз. Басқарма тарапынан жүргізілген таксация нәтижесі бойынша таза салмақта 250 мың тонна өнім алу күтіледі.
Меркі қант зауыты «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы қарызын өтеді. Сонымен қатар, Меркі қант зауытымен қант сатып алу жөнінде форвардтық келісім шарт жасасу үшін жергілікті бюджет есебінен 2,3 миллиард теңге қаражат бөлінді. Зауыт аталған қаражатты алғаннан кейін 2024 жылғы қабылданған өнім үшін шаруалар алдындағы берешегін толық өтеуді және қыркүйек айының соңы немесе қазан айының басында қызылша өнімін қабылдауды жоспарлап отыр. Жалпы өңірде егін жинау жұмыстары тұрақты деңгейде жүргізілуде.
Өңірдің жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 40 пайыздан астамы мал шаруашылығына тиесілі екендігі белгілі. 2025 жылғы 7 айдың қорытындысымен облыста мүйізді ірі қара мал саны – 476 мың басты, қой саны – 3 303,8 мың басты, жылқы саны – 195,5 мың басты, түйе саны – 8,6 мың басты, құс басы – 1 944,6 мың басты құрады. 2025 жылдың 7 айында облыста тірідей салмақта – 64,8 мың тонна ет өндіріліп, көрсеткіш 5,4 пайызға артты. Ет экспорты: жыл басынан бері 1 615,2 тонна ет және 340 тонна шұжық өнімдері экспортталды.
Жалпы олыста ет өндірісін дамыту мақсатында сыйымдылығы 1000 бастан жоғары 9 мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда. Қуаттылығы тәулігіне 300 бас ұсақ қара малды және 50 бас мүйізді ірі қара малды сойып, өңдейтін ірі 2 ет өңдеуші кәсіпорын («Меркі ет комбинаты» ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС) және 5000 басты бір мезетте бордақылайтын 2 бордақылау («Медет» ШҚ, «Олжа» ШҚ) алаңы бар.
Сонымен қатар, барлық санаттардағы шаруашылықтарда 130,8 мың тонна сүт өндіріліп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 101,6 пайызға артты (2024 жылы 128,8 мың тонна). «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасын (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) іске асыруға республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылды. Комиссияның шешімімен 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 4 жоба сүт тауарлы фермаларды қарастырады: «Момбек» ШҚ – 612 басқа арналған сүт тауарлы фермасы, 2,0 миллиард теңге; «Азнур Агро» ШҚ – 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасы, 1,3 миллиард теңге; «Нұрлыжай» ШҚ – 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасы, 700,0 миллион теңге және «Қайсар» ШҚ – 450 басқа арналған сүт тауарлы фермасы, 339,0 миллион теңге. Құс еті өндірісінде «Әулие-ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының қуаттылығы 10 мың тоннаға жеткізілді. Байзақ ауданында «Алель Агро» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасы іске қосылып, бүгінгі күнге 10 мың тоннаға дейін құс етін өндіруде.
Жыл соңына дейін аталған фабрикаларда құс еті өндірісі 26,0 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артады деп күтілуде. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 200-ге жуық кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде. Осы кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам жұмыс орындарымен қамтылған. Оның ішінде басым бағытта сүт өнімін тереңдете өңдеумен 26, ет өнімін тереңдете өңдеумен 44, мақсары майын өңдейтін 4, астықты тереңдете өңдеумен 8, нан өнімін өндіретін 62 (оның ішінде бөлке нан пісіретін 44 наубайхана), жүн-теріні өңдеумен 2, қант қызылшасын өңдейтін 2, құс етін өндіретін 5, жұмыртқа өндіретін 1, макарон өнімдерін өндіретін 8 және тағы да басқа кәсіпорындар жұмыс істеп тұр.
Бүгінгі күнге сүт өнімін тереңдете өңдеумен айналысатын 25 кәсіпорын жыл басынан бері 55,1 мың тонна өнімді өңдеді. 7 айда өндірілген сүттің 56,1 мың тоннасы ішкі тұтынымға пайдаланылып, 45,3 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 82 пайызды құрады. Сары май 1036 тонна, қатты ірімшік 748 тонна, өңделген сұйық сүт және кілегей 10,7 мың тонна көлемінде өндіріліп, өзге де сүт өнімдері 2,8 мың тоннаға өндірілген.
Өндірілген еттің 7,5 мың тоннасы ішкі тұтынымға пайдаланылып, 19,5 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 33,7 пайызды құрады. Астық дақылдарын өңдейтін 8 кәсіпорын жұмыс істеуде. 2025 жылдың 7 айында дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн, олардан майда тартылған ұн қоспалары 13 мың тонна көлемінде өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 202,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту мақсатында инвестициялық жобалар іске асырылуда. «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жөніндегі жол картасы шеңберінде облыс бойынша 2025-2027 жылдары 47,5 миллиард теңгеге 19 инвестициялық жоба іске асырылып, 270 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 2025 жылы 32,1 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру көзделуде.
2024 жылы «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасын (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) іске асыруға бюджеттен 8,5 миллиард теңге бөлініп, 15 инвестициялық жоба (республикалық бюджеттен 13 жоба, жергілікті бюджеттен 2 жоба) қаржыландырылды. Жалпы өткен жылы қаржыландырылған жобалар алдағы уақытта жылдық сүт өндірісін 15 мың тоннаға немесе 6,5 пайызға ұлғайтуға, облыстағы қоймалардың сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Сәйкесінше маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтуға ықпал етеді. Бағдарлама аясында 2025 жылға 11 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланып, бүгінгі күнге оның 3 миллиард теңгесі игерілді. Аталған қаржыға 7 жоба қаржыландырылуда. Қорыта айтқанда, асыраушы сала экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып, табиғаты шаруашылыққа қолайлы облысымызда жыл санап алға ілгерілеп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысымыз бойынша белгіленген межелерге қол жеткізуге толық мүмкіндік бар.
Қайрат КӨШЕНОВ
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.