Жаңалықтар

«Digital auyl» – жастарға жаңа мүмкіндіктер береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – бұл кәсіби-техникалық білімнің рөлін арттыруға бағытталған маңызды шешім. Бұл бастама еңбек адамының беделін арттырып, қоғамда сұранысқа ие кадрларды даярлау ісіне жаңа серпін береді.

Биыл облысымызда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды шаралар мен жобалар жүзеге асуда. Жамбыл ауданының мәдениет үйінде Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Digital auyl: жастардың жаңа мүмкіндіктері» атты ауыл жастары форумы өтті.

Форумға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев, облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Кадралиев және ауылдық елді мекендерден келген жастар мен еңбек жолын енді бастаған жас мамандар қатысты.

«Ауыл жастары – елдің тірегі: жаңа мүмкіндіктер, жаңа дәуір» атты облыстық жастар форумын Серік Жақсылықұлы ашты.

Форум барысында жастарға еңбекқорлықтың маңызы, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіби мамандықтардың қадірі кеңінен түсіндірілді.

Бүгінгі күннің басты қағидаты – «еңбек еткен озады» деген ұстаным жастарға ерекше жігер берді.

 

Арна ЖҰМАТАЙ