Аграрлық саланың әлеуеті зор
Облыс орталығындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының «ҚазАӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтымен» бірлескен көшпелі сессиясы өтіп, онда республикаға белгілі және жергілікті ғалымдар «Аграрлық ғылымды дамыту: өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өзекті талқылау өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты.
Жамбыл облысы – агросаланың дамуына өте тиімді аймақ. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа арнаған кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту, аграрлық ғылымды дамыту және жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Осы орайда Таразда өтетін сессия еліміздегі аграрлық ғылымды жаңа деңгейге көтеруге, ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді ұйымдастыруға және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге бағытталды. Сессия жұмысын ашқан ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының президенті, академик Тілектес Есполов еліміздің жетекші ға лымдары бас қо сқан осындай ауқымды жиынның көне шаһар Тараз төрінде өтуіне қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын жеткізді.
Сондай-ақ Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің негізін қалаған, бірінші ректор, құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықовқа да алғысын білдірді.
Бұдан кейін сөз алған Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл өңірінің аграрлық әлеуеті жоғары екендігін тілге тиек етіп, бүгінгі жиын осы саладағы мәселелерді ғылыми ортаның қатысуымен шешу жолдарын ұсынатындығына сенім білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков:
Алқалы жиында сала мамандарының ауыл шаруашылығындағы жаңа ғылыми бағыттар, ғылыми-зерттеулерді коммерцияландыру, су үнемдеу технологиялары, кооперация, карбонды егіншілік, цифрландыру және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалып, өңірлік шаруашылық өкілдерінің тәжірибелері мен ұсыныстары қамтылды.
Қатысушылар Агробиологиялық, Ветеринария және мал шаруашылығы орталықтарына, Аквафермаға барып, университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысты.
Ерман ӘБДИЕВ